$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде 720 жас «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа тұрды

AstanaTV
19.09.2025ж. 19:00
Ақтөбеде 720 жас «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа тұрды

Ақтөбеде 700 ден астам жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмысқа тұрды. Мемлекеттік бағдарлама қолына дипломын алған, бірақ тәжірибесі жоқ жастардың нарық заманында сағын сындырмауға көмектеседі.

Бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың бірі-25 жастағы Ботакөз Советқызы. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмысқа тұрған. Айлық маңызды емес, бастысы тәжірибе жинау, дейді жас маман.

БОТАКӨЗ СОВЕТҚЫЗЫ, ЖАС МАМАН:

Тұрақты жұмысқа орын пайда болғаннан кейін мені өзімнің бастап кірген руководителім сразу ұсынды мені. Жалпы «Жастар практикасы» бағдарламасы өте ыңғайлы, өте тиімді әрі тез.

Дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ. Көптеген мекеме тәжірибесі мол маманға   зәру. Ал оқу орнын кеше ғана бітірген жасты жұмысқа алуға құлықсыз. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жас маманды меңгерген мамандығы бойынша еңбекпен қамтуға мүдделі.

АМАНГҮЛ ҚУАНЫШ, ҚАЛАЛЫҚ «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Көп жағдайда жұмыс берушілер тиімді нәтиже көрсеткен жастарды тұрақты жұмысқа қабылдайды.2025 жылы осы бағдарлама аясында Ақтөбе қаласы бойынша 738 жоспар бекітіліп,қазіргі таңда 720 жас маман түрлі ұйымдар мен мекемелерге жұмыс орынға жолданды және де «Жастар тәжірибесіне» бағытталып, аяқтамай 32 бала өз тәжірибесін көрсетіп, тұрақты жұмысқа қабылданды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибе мерзімі- 1 жыл. Төленетін еңбекақы- 117 мың теңге. Егер жас маман кәсіпорынның көңілінен шықса, тұрақты жұмысқа қабылдануға хақылы. Бірегей мүмкіндікті қалт жібермеген жөн, дейді «Мансап» орталығының мамандары.