$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер көбейді

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер көбейді

Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер көбейді. Шымкентте   13 623 бала  тізімге алынған.  Олармен  даму ерекшеліктеріне қарай  білікті мамандар айналысады. 24 арнайы ұйым жұмыс істейді. Қалалық білім басқармасына қарасты  5 бөлім бар. Мекемеде дәл қазір 18 жасқа дейінгі түрлі санаттағы 484 бала түзету сабақтарын алып жүр.  Олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ету бағытында 70-тен астам маман жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. 

ҚАРЛЫҒАШ ҚАЗЫБАЕВА, “ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ” КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ерекше білімді қажет ететін балалар біздің мекеме арнайы пегагогтарының біліктілігі ,білімділігінің арқасында деп ойлаймын, қазір 70 пайыздан жоғары динамикалық көрсеткішімен  әртүрлі жалпы мектептерге, балабақшаларға, жалпы өмірлік деңгейі өсіп, бейімделіп, қалыптасып кетіп жатқан жағдайы бар. Ол да болса бізді әрдайым қуантады.