Қос дөңгелекпен екі елдің арасын жалғаған - батыр ұл. Қытай астанасы Бейжіңнен велосипедпен шыққан 29 жасар Жалын Тұрсынұлы Алматы облысы Бәйдібек би ауылына табан тіреді. 18-ші шілдеде жолға шыққан спортшы 4 жарым мың шақырымнан аса қашықтықты 60 күнде жүріп өткен. Спортшыны ауыл тұрғындары салтанатпен қарсы алып, алдағы сапарына сәттілік тіледі. Қандасымыздың ендігі мақсаты - Астанаға жету.
ЖАЛЫН ТҰРСЫНҰЛЫ, ВЕЛОШЕРУШІ:
Екі астананың арасын 70 күн жүремін деп ойлағамын. Бірақ жолдың жағдайына қарай жауын шашын демалған күндер болып қалды. Енді Астанаға амандық болса 15 күнде жетемін деп отырмын.