$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Елімізде темекі өнімдері бойынша бюджетке түсімдер 1,5 есе, аяқ киім бойынша 3 есе, дәрі-дәрмектер бойынша 1,8 есе өскен. Бұған цифрлық таңбалау жүйесі септігін тигізіп отыр. Бұл туралы үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес-қоғамдастық пен дипломатиялық корпус өкілдерімен кеңесті. Кездесуге қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және цифрлық реформалар туралы пікірлерін білдірді. Олар Қазақстанның тұтынушыларды қорғау деңгейін арттыруға және заңсыз саудаға қарсы тұруға деген ұмтылысы оң екенін атап өтті. Олжас Бектенов жиынды қорытындылай келе Қазақстан ұзақмерзімді инвестицияларды тартуда ашықтық пен болжамдылыққа бейіл екенін атап өтті. Үкімет өндірістік қуатты кеңейтуге, локализациялау деңгейін арттыруға және ел экономикасының цифрлық трансформациясын тереңдетуге ниетті.