2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 20 қыркүйекті Дүниежүзілік тазалық күні деп жариялау туралы қаулы қабылдады.
Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Ауқымды экологиялық акцияға 10 млн-нан астам адам қатысып, оның аясында 860 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 4 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Әрқайсымыз ауламыз бен көшемізді тазалап, ағаштар мен бұталар отырғызу арқылы еліміздің тазалығына әрі гүлденуіне үлес қоса аламыз.