$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Қостанайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтой өтеді

20.09.2025ж. 12:05
Қостанайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтой өтеді

Торғай төрінде Алаш қайреткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шаралардың шымылдығы түрілмек. Ұлы тұлғаның өмірі мен еңбегін дәріптеуге бағытталған бұл мерекелік жиын 21-22 қыркүйек күндері өтеді.

Шара барысында сән-салтанатты киіз үйлер тігіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен әдебиетшілер, сондай-ақ Міржақып мұрасын дәріптеп жүрген ғалымдар жиналады.