$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті

20.09.2025ж. 20:42
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті

Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады.
Отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді.
Қысқа бағдарламаны бірінші болып ресейлік Петр Гуменник аяқтады. Ол 93.80 ұпай иеленді.
Бұған дейін олимпиадалық іріктеу кезеңінде мұздағы би жарысына Бойсангур Датиев пен Гауһар Наурызова өнер көрсеткен еді.
Ырғақты бидің қорытындысы бойынша жерлестеріміз 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға жайғасты.