$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында мобильді бекеттер қойылды

20.09.2025ж. 23:43
Қарағанды облысында мобильді бекеттер қойылды

 Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында мобильді бекеттер қойылды,- деп хабарлайды ASTANA TV.

Өңірде мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүлкін қорғау мақсатында 15 қыркүйектен бастап республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда  20 мобильді бекет жұмыс істеуде.

Мобильді бекеттердің негізгі міндеті – ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеріп, олардың құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін бақылау. Тексеріс жұмыстарына патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық автокөлікті тексеріп, тасымалданған ет өнімдерінің құжаттарын бақылаудан өткізді.