$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да «Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

ШҚО-да «Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

ҚР ТЖМ  "Жас құтқарушылар" сыныптарын құру бойынша бағдарламаны белсенді түрде іске асыруды жалғастыруда. Бұл бастама оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықты қалыптастыруға және патриоттық тәрбиеге бағытталған.

ҚР ТЖМ 30 жылдығы аясында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицей базасында Ахметқали Қабидолдаұлы Мұхамадиев атындағы «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. 6-7 сынып оқушылары өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару ісі, қауіпсіздік мәдениетін дамыту және насихаттау бойынша теориялық және практикалық білімдерді оқитын болады.

«Құтқарушылар сыныбын ашу – төтенше жағдайларда әрекет ете білетін сауатты ұрпақты тәрбиелеудегі үлкен қадам. Біз лайықты ауысымды дайындап, елдің болашағы үшін берік негіз қалаймыз», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

 

 

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе