$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды.

Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52,200 ұпай иеленді.

Екінші орынды Германия спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) алды.

Үшінші орынға Ұлыбритания спортшылары Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) тұрақтады.