Филиппинде миллиардтаған доллар ақша бөлінген су тасқыны зардаптарын жоюға арналған жобалардың іске аспай қалғаны анықталған соң, мыңдаған адам наразылыққа шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Theguardian жазуынша, Маниладағы саябақта өткен таңғы шеруге 50 мыңға жуық адам қатысқан.
Наразылықтар негізінен бейбіт өтті, алайда полиция екі бөлек оқиға кезінде 72 адамды, оның ішінде 20 кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Полиция өкілінің айтуынша, кемінде 39 қызметкер жарақат алды, баррикада ретінде қолданылған тіркемеге от қойылды.
Филиппин үкіметінің бағалауынша, соңғы екі жылда су тасқынына қарсы жобалардан жемқорлар 1,48 млрд фунт стерлинг талан-таражға салған. Greenpeace ұйымы 2023 жылы климатқа қатысты жобалардан 13 млрд фунт стерлингтен астам қаржы ұрланғанын мәлімдеді.
Президент Фердинанд Маркос жемқорлықты тергеу үшін тәуелсіз комиссия құрған. Сенаттағы бөлек тергеу кезінде құрылыс компаниясының иесі шамамен 30 заң шығарушы мен шенеунікті қолма-қол пара алды деп айыптады. Бұл мәлімдеме теледидардан көрсетіліп, елде үлкен резонанс тудырды.