$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-тан пошта арқылы келген сәлемдемеден есірткі табылды

22.09.2025ж. 11:37
АҚШ-тан пошта арқылы келген сәлемдемеден есірткі табылды

ІІМ мәліметінше, АҚШ-тан келген сәлемдемеден өсімдік тектес тыйым салынған заттың қомақты мөлшері анықталған, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев мұндай жағдай алғаш рет болып тұрмағанын атап өтті:

«Бұл – жалғыз дерек емес, мұндай фактілер бұған дейін де тіркелген. Біз мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін жүйелі жұмыс жүргізе береміз. Заң бәріне ортақ, ал жазаның бұлжымайтындығы – біздің қызметіміздің басты қағидаларының бірі», – деді ол.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның мәліметінше, ол қамауға алынған.