$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дональд Трамп аутизм дертіне қандай дәрі әсер ететінін айтты

22.09.2025ж. 14:27
Дональд Трамп аутизм дертіне қандай дәрі әсер ететінін айтты

АҚШ үкіметінің әкімшілігі парацетамол препаратының балалардағы аутизм сырқатын дамытуға ықпалы бар деген болжам жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Astana TV

Парацетамол АҚШ-та Tylenol немесе ацетаминофен деген атпен белгілі

«Біз аутизмнің жауабын тапқан сияқтымыз», – деді Дональд Трамп шара барысында. Ол осы мәлімдемесін өз әкімшілігінің ең маңызды бастамаларының бірі деп атаған.

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Роберт Ф. кіші Кеннеди елдегі аутизм сырқатының көбейіп кеткенін қоршаған ортадағы зиянды заттардан көрген.  

Алайда АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және басқа да елдердің дәрігерлері парацетамолды жүкті әйелдер үшін ең қауіпсіз, ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін дәрі деп атаған.

 «Парацетамол – жүктілік кезінде ұсынылатын бірінші кезектегі ауырсынуды басатын дәрі, оны қабылдау балаға зиян келтірмейді», - деп жазады Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі.

Соңғы жылдардағы ауқымды зерттеулер де жүктілік кезінде парацетамолды ішу мен балалардағы аутизм спектрі бұзылыстарының дамуы арасынан еш байланыс таппаған.

АҚШ-та Tylenol препаратына қатысты ата-аналар мен белсенділер соттасып жатыр. Олар өндіруші компаниялар пациенттерге ықтимал қауіп туралы ескертпеді деп айыптайды. 2024 жылы федералды сот талаптарды қанағаттандырмай, сенімді ғылыми дәлелдердің жоқ екенін айтқан.