$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алдағы күндері күн 28 градусқа дейін жылиды

22.09.2025ж. 16:47
Алдағы күндері күн 28 градусқа дейін жылиды

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтуде, сондықтан көптеген өңірлерде жаңбыр жалғасады, батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды, деп хабарлайды Astana TV

23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Сонымен қатар күндізгі температураның біртіндеп 20-28 градусқа дейін, шығыста 10-15 градустан 15-25 градусқа дейін жылынуы күтіледі.