$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында 79 адам жемқорлықпен ұсталды. Бұл туралы Ақтау қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің көшпелі отырысында айтылды. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары қатысты. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалу барысы да қаралды. Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 88 іс-шара көзделген. Оның 32-сі орындалды, 55-і жүзеге асырылу үстінде, біреуі сот процесіне байланысты уақытша тоқтатылған.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс ғылыми методикалық негіздемеден басталады. Партияның тексерген азаматтары осы облыстық ведомство аралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның бүкіл құжаттарының екі жылдық құжаттарының барлығының жойылып кеткендігін анықталды.

Бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың басты құралы - елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және өңірлік мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру. Өңір басшысы жемқорлық барлық салада, соның ішінде мемлекеттік секторда да бар екенін мойындады.  Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзінше, тек соңғы екі жылда өңірде 90-нан астам сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген.

АБЗАЛ ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Облыстық және қала, аудандық әкімдіктерінің жанындағы ведомство аралық комиссия отырыстарының материалдарын зерделеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа бейім көптеген салаларға.