$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде 19 адамды алдаған сотталушы бостандықта жүр

AstanaTV
22.09.2025ж. 19:00
Ақтөбеде 19 адамды алдаған сотталушы бостандықта жүр

«Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған әйел әлі күнге дейін бостандықта жүр». Ақтөбелік бір топ тұрғын осылай дейді. Олар  ақшаларын қайтара алмай жүргендерін айтады. Жұртты алдап, грантқа оқуға түсіремін, санат алуға көмектесемін, жер телімін алып беремін деп уәде еткен. Зардап шеккендердің бірі -Назгүл Сапарова. Жалғызбасты ана мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге орталық ашпақ болған ол сотталушыға 5 млн 800 мың теңгесін ұстатыпты. Ал Жайнагүл Сүйеуова  1 млн теңгесінен қағылған. Сот үкімі шықты, атқару парағы да бар.Алайда екі жылдан бері олар қарызын сұрап сотталған әйелдің табалдырығын тоздырып жүргендерін айтады. 

ЖАЙНАГҮЛ СҮЙЕУОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Ноябрьде сот болды. Февральға дейін құтыламын, деді. Міне 24 өтті, 25 өтті-1 тиын ақша беретін ойында жоқ. Маған ештеңе істей алмайсыңдар, дейді. Баратын жеріңе барыңдар дейді.

НАЗГҮЛ САПАРОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Біледі, менде мүгедек бала бар екенін. Қатаң жазасын алсын және де Рысгүл Сағынова Селбайқызы пробацияда отыра, пробациялық бақылауда жүре тұра әлі де құқықбұзушылық жасап жүр. Оның басында қазір 2 арызы тұр. Іс жүріп жатыр.

Рыскүл Сағынова үш жыл ішінде 19 адамды сан соқтырған. Жалпы шығын көлемі -16 миллион теңге. Сот аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әйелді 4 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның 5 баласы бар екенін ескеріп, жазаны орындауды 3 жылға кейінге қалдырды. Заңды күшіне келер жылдың көктемі енуі тиіс.

ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жәбірленушілердің талап арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген соң, жеке сот орындаушылар палатасына орындау үшін жолданды.