$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкенттік жастар Жолдауда айтылғандарды жүзеге асыруға асық

Шымкенттік  жастар Жолдауда айтылғандарды жүзеге асыруға асық

Елімізде жасанды интеллект министрлігінің құрылуы  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мемлекет басшысының Жолдауы туралы ой білдірген  шымкенттік жастар  осылай дейді.  Дұрыс қолдана білген жағдайда, ол Қазақстанның жаңа буынын жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті етеді. 

БЛИЦ:

- Жаңадан тың мамандықтар ашылады. Әрине жаңа идеялар тың серпін береді. Жастарға, қазақ жастарына, Қазақстан жастарына Мемлекет басшысының сенімі өте мол. Ал біз жастар Мемлекет басшысының с енімінен шығып, үдеден шығып, елдің дамуына өзіміздің үлесімізді қосуға дайынбыз. 

- Жасанды интеллект қазіргі таңда біздің университет бағдарламасында оқып жүрміз ғой, және де біз практикалық жұмыстарға барамыз.сол жерлерде бізге өте керекті бір бағдарлама ретінде біз пайдаланып жүрміз

-  Жасанды интеллект ол қазір заманның талабы. Бірақ оны да дұрыс пайдалануымыз қажет деп ойлаймын. Мысалыға ол бізге көптеген мүмкіндіктер ашып береді. Бұрынғыдай дәптер, кітап алып, қалам алып, том-том кітап оқып, бірнеше ай құртудың қажеті жоқ. Нақты сұрағанымызды шығарып береді.