Астанада «Жұмысшы мамандықтар» аллеясы ашылды. Онда шағын архитуралық пішіндер орналастырылған. Аумағы 1 гектардан асады. Ашылу рәсімінде 400 түп ағаш егілді. Сондай-ақ арнайы техника көрмесі мен тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды. Тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынылып, ашық аспан астында дастархан жайылды.
МАҚСАТ САМАТҰЛЫ, САРАЙШЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
2025 жылды Президентіміз «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Соған орай қала әкімінің тапсырмасы бойынша осы жерде аллея ашып жатырмыз. Жұмысшы мамандықтар аллеясы. Бүгін салтанатты ашылуы. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, біраз қонақ шақырдық. Бұл қаламыздың нағыз майталман жұмыскерлері.