$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Жастар орталығы» жастарды бір арнаға тоғыстырып, идеяларын жүзеге асыратын алаңға айналған

Қызылордада «Жастар орталығы» жастарды бір арнаға тоғыстырып, идеяларын жүзеге асыратын алаңға айналған

Қызылордада «Жастар орталығы» жастарды бір арнаға тоғыстырып, идеяларын жүзеге асыратын алаңға айналған. Онда спорттық үйірмелерден өзге арнайы курстық оқулар да жүргізіледі. Бүгінде аймақта 200 мыңнан аса 14 пен 35 жас аралығындағы жас бар. Шамамен күніне 100 адам Орталыққа бас сұғады екен.  Мұнда олар уақыттарын тиімді өткізіп, жаңа достар табады. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы да ақпаратқа қанығып, маман кеңесіне жүгіне алады. Ал ІТ-паркте түрлі бағдарламалар мен жасанды интелект әлемі қызықтыратындар үшін таптырмас орта қалыптасқан. «Жас буынның тұлғалық дамуы мен кәсіби бағдар алуына мүмкіндігінше жағдай жасап жатырмыз дейді» орталық мамандары.

ТОҒЖАН ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалғыз оқушы жастар, студент жастар ғана емес сонымен қатыр декреттегі аналар, НИТ санатындағы жастар, провация санатындағы жастар бізден келіп өз көмегін, өзіне қажетті дүниелерін ала алады. Бір сөзбен айтқанда демалады да, идея алмасады да сонымен қатар орта да қалыптастырады.