$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Торғай топырағында «Ұлы Дала Жорығы» өтіп жатыр

22.09.2025ж. 19:00
Торғай топырағында «Ұлы Дала Жорығы» өтіп жатыр

Киелі Торғайда басталған «Ұлы дала жорығы»  Алаш арысы Міржақып Дулатұлының туған жеріне ат басын тіреді. Үшінші күн. Үшінші кезең. Бірнеше команда жарыстан шығып қалды. Халықаралық марафон-бәйге жайлы тілшіміз Заңғар Санай сөз сабақтайды.

Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» Міржақып Дулатұлының  140 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр. Бірегей жобаға «Amanat»  партиясы мен Қостанай облысы әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

БАҚЫТЖАН НАРЫМБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ресми деңгейде өткен ашылуында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы  Қостанай облысы ат спортының дамуының халықаралық орталығына айналдыру бағытында мақсатымыз бар екенін айтқан болатын. Бұл бағытта біздің алдымызда үлкен жоспарлар құрып жатырмыз.Осы «Ұлы дала жорығы» соның  басты және бірегей жобаларының бірі.

Торғай топырағындағы  жорыққа 18 команда тіркелген.Халықаралық марафон-бәйгеге Ресей,Қырғыз және еліміздің атбегілері ат қосып отыр.Ұлы дала төсіндегі дүлдүлдер дүбірінде ассамблея өкілдері де арғымақ тізгіндеді.

РИХСИБАЙ МАМЕДОВ, ҚИНЭУ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жарыстың ерекшелігі биыл халықаралық команда  саны артып  отыр.Ресейден, қырғыздан қосымша қосылды. Және де бүгінгі іс шараның тағы да бір ерекшелігі  Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің «Бірлік » атты командасын қосып отыр.Ол командаға осы Қостанай өңіріндегі М.Дулатов  атындағы  инженерлік- экономикалық университеті және колледжінің студенттері құрамынан да 3 студент  қатысып отыр.

Жылқының үздігін, шабандоздың мықтысын анықтайтын  жарыста арулар да атқа қонған.Жорыққа шыққандар арасынан журналисті де  жолықтырдық.Маңғыстау арнасының тілшісі Мағжан Мырзағұл атақты Көкмойнақ командасының намысын қорғап жүр.

МАҒЖАН МЫРЗАҒҰЛ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАБАНДОЗЫ:

Әлемге Адай жылқысын таныту мақсатында осы «Ұлы дала жорығына» қатысып отырмыз.Дайындығымыз  өте жақсы.Екі білікті бапкердің арқасында аттарымыз  жақсы деңгейде дайындалған.Алуан алуан  жүйрік бар, әліне қара шабады дейді ғой. Сол енді аттарымызға сенеміз.

Командалар  үшінші кезеңде 250 шақырым жортып,Қызбел ауылының тұсына жетті.Енді жорықтың жарты жолы қалды. Торғайда басталған халықаралық марафон Арқалық қаласының маңында аяқталады.