$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

22.09.2025ж. 20:31
Павлодарда тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Павлодарда жылыту маусымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Astana TV.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес, 22 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосылып жатыр. Қалада барлығы 1268 көпқабатты үй бар. «Павлодарэнерго» компаниясының хабарлауынша, алдымен жылуды қабылдауға толық дайын нысандар қосылады.

“Жылу беру бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асады. Бұл шара бүкіл қаладағы жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін біртіндеп жүргізіліп жатыр”– делінген ресми мәлімдемеде.