$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мал ұрлауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ ұсталды

22.09.2025ж. 22:22
Мал ұрлауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Astana TV.

Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді.

Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген.

«Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жетісу облысының прокуратурасы мал ұрлығымен күрес заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтеді. Мал иелерінің жануарларды қараусыз қалдырмауы, сонымен қатар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі өте маңызды. Мал ұстаудағы немқұрайлылық қылмыскерлерге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.