Өсім елдің 18 өңірінде байқалды, деп хабарлайды Astana TV.
Ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (+44,6%), Солтүстік Қазақстан (+41,5%), Батыс Қазақстан (+37,5%), Қостанай (+35,6%), Жетісу (+29,6%) және Түркістан (+27,2%) облыстарында тіркелді.
Атқарылған жұмыстардың негізгі бөлігі жолдар мен метро құрылысына (24,3%), тұрғын емес ғимараттарға (21,8%) және тұрғын үйлерге (13%) тиесілі.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы былтырғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 4,5% өсіп, 10 935,3 мың шаршы метр болды. Оның ішінде 21,1 мың — жеке үйлер, 1,1 мың — көппәтерлі үйлер, 23 — жатақхана.
Сегіз айда білім беру саласында 145 мың оқушыға арналған 140 мектеп салынды, оның ішінде 55-і ауылдық жерде. Сондай-ақ 4,2 мың орынға арналған мектепке дейінгі 27 (15-і ауылда) ұйым ашылды. Ең көп мектеп Түркістан облысында (21), Астанада (17) және Жамбыл облысында (14) пайдалануға берілді. Жаңа балабақшалардың саны бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр — 8 нысан.