$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан өзін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етеді

23.09.2025ж. 10:40
Қазақстан өзін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етеді

Қазақстанның ішкі нарығы өз өндірісінің азық-түлігімен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады. Осы жылдың 8 айында тамақ өнімдерін өндіру 10,1%-ға артып, 2,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады.

Өндіріс көлемі ішкі қажеттіліктен 6 есе асатын дәнді дақылдардың жақсы өнімі ұн мен нан өнімдері нарығындағы тұрақтылыққа кепілдік береді. Халықтың күріш пен қарақұмыққа деген қажеттілігі де толық қамтылған.

Мал шаруашылығында ет (сиыр еті, қой еті, жылқы еті), сүт өнімдері мен жұмыртқа бойынша 100% қамтамасыз етілуге қол жеткізілді.

«Өндірістің ағымдағы көлемі ішкі нарықты қолжетімді өнімдермен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәл осы кезеңде әкімдіктер тұрақтандыру қорлары тарапынан ғана емес, сондай-ақ сауда желілері мен көтерме сатушылар тарапынан да талап етілетін өнім көлемдерін маусымаралық кезеңде оларды қолайлы бағамен нарыққа үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін келісімшарттауды қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатқа өңірлерде ауыл шаруашылығы өндірушілерін “айналым схемасы” бойынша қаржыландыру үшін 100,0 млрд теңге қарастырылған»,- деп атап өтті министр.