$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қайрат" пен "Реал" билеттері бүгін сатылымға шығады

23.09.2025ж. 11:19
"Қайрат" пен "Реал" билеттері бүгін сатылымға шығады

Freedom Ticketon сервисі УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» пен Мадридтің «Реалы» арасындағы матчқа билеттердің бағасы мен сатылым басталатын күнді жариялады. 

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты – Астана уақытымен 21:45.

Билеттерді 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Qairat SuperApp қосымшасы, «Қайраттың» ресми сайты, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.

Билеттердің бағасы

Батыс трибунасы:

  • 30 000 теңге – 1-9-секторлар, 1-2-қатарлар;
  • 250 000 теңге – 1-17-секторлар.

Шығыс трибунасы:

  • 150 000 теңге – 30-48-секторлар.

Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):

  • 75 000 теңге – 18-28 және 49-60-секторлар.