$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ Түркістан облысымен білім және мәдениет саласында табысты серіктестік құруға ниетті

АҚШ Түркістан облысымен білім және мәдениет саласында табысты серіктестік құруға ниетті

Америка Құрама Штаттары Түркістан облысымен білім және мәдениет саласында табысты серіктестіктік құруға ниетті. Америкалық компаниялардың Қазақстанда тиімді әрі ұзақ мерзімді жұмыс жүргізуі үшін барлық жағдай жасалған.  Аймақ табиғи ресурсқа бай. Қолайлы климаттық жағдай ауыл шаруашылығымен жыл бойы тұрақты айналысуға мүмкіндік береді. Тараптар  сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраларға, туризм саласын дамытуға  мүдделі.  

МИШЕЛЬ ЕРКИН, АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ:

Америка Құрама Штаттары Түркістан облысымен ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Біз сіздердің өңірлеріңізбен білім және мәдениет саласындағы табысты серіктестікті мақтан тұтамыз. Сонымен бірге, біз өзара мүдделі басқа салаларда ынтымақтастық үшін қосымша әлеует бар екеніне сенімдіміз. Біз осы перспективаны зерттеу және оны сізбен және сіздің командаңызбен бүгін талқылау мүмкіндігін құптаймыз.