$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үкімет басшысы жылу маусымына дайын емес өңірлерді сынады

23.09.2025ж. 19:00
Үкімет басшысы жылу маусымына дайын емес өңірлерді сынады

Жылу маусымының басталуына санаулы күн қалды. Бірақ соған қарамастан кей өңірлер әлі дайын емес. Әсіресе, Орал мен Сәтбаев қаласы жанталасып жатыр. Қазір 6 энергоблок, 29 қазандық пен 16 турбина ретке келтірілді.  Бірақ жөнделуі тиіс 323 шақырым желінің жоспары орындалмады. Жаңарған құбыр саны 300-ге де жетпепті. Үкімет басшысы мұны сынап, қала әкімдеріне мәселені дереу шешуді тапсырды.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша 10 қосалқы станция мен 100 тарату пунктіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 13 шақырым жылу желілеріне реконструкция жасалды.