Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Акция барысында полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері және жеке сот орындаушылары бірлесіп рейдтер ұйымдастыруда. Негізгі мақсат – айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтап, тиісті шара қолдану.
Полицияның түсіндіруінше, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 810-бабына сәйкес:
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпті сақтауға, заңды бұзбауға және айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.