Жастар арасында есірткіге қарсы күрес шаралары күшейтілуде. «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінде есірткі тұтыну мен оның заңсыз айналымына қарсы шаралар талқыланды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес төрағасы Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, синтетикалық есірткіге тәуелділер саны соңғы бес жылда бірнеше есе артқан. Сондай-ақ 5 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркеліп, 14 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Өрттің біз тек қана салдарымен күресіп жатқанымызды түсінуіміз керек. Ал себебін қалай тоқтатамыз? Мінекей, осы мәселе қазір өте өзекті болып тұр. Бұдан бөлек, қазір мынау телеграм арналары, басқа да мета жүйесіндегі әлеуметтік желілер арқылы сауда жасайтын. Осылар арқылы есірткі заттарын тек қана сату емес, жеткізіп беретн жолдардың ашылғанын көріп отырмыз. Мұны да тоқтату керек.