$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2025» дәстүрлі халықаралық жастар форумы салтанатты түрде ашылды

Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2025» дәстүрлі халықаралық жастар форумы салтанатты түрде ашылды

Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2025» дәстүрлі  халықаралық жастар форумы  салтанатты түрде ашылды.  Креативті индустрияны дамытуға арналған  еліміздегі  жалғыз  бірегей жоба осымен төртінші мәрте өтіп жатыр. Бұл шара аймақтың тарихи-мәдени әлеуетін танытумен қатар, жастардың жаңа бастамаларына қолдау көрсетеді,- дейді ұйымдастырушылар.

Креативті индустрия саласының  үздіктері бас қосып,  тың идеялар тоғысатын форумға еліміз бен көршілес  Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Өзбекстан мемлекетінің  300-ден астам белсенді жасы қатысып жатыр.   Аймақ басшылығы шығармашыл жастар – ел дамуының  қозғаушы күші екенін атап өтіп,  халықаралық форумға  сәттілік тіледі.

ГҮЛНҰР СҮЙЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысының бізге алға қойған міндеті бар. Қазақстанда креативті индустрияны дамыту.Сол төңіректе біздің Атырау облысы өзінің үлесін қосып жатыр деген біз сенімдеміз. Бұл жерде қазір  талапшыл, өзінің қолынан іс келетін осындай жұмысты ұйымдастырғым келеді дейтін креатр жастардың осындай керемет буыны жиналып тұр.

Екі күн бойы  «Кинемотография», «Музыка», «IT және жасанды интеллект», «Маркетинг», «Театр» мен «Хореография» саласының шын шеберлері  тақырыптық секциялар, шеберлік сабағын өткізеді. Тақырыптар сан алуан. Талқылаулар мен пікірталас алаңы да ашық. Сарапшылар тәжірибесімен бөліседі.

ТИМУР ТАЛҒАТОВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ (ӨЗБЕКСТАН):

Өзбекстан Республикасы заң шығару палатасы жанындағы Жастар парламенті мүшесімін. Бұл форум алаң екі мемлекет арасындағы жастардың әріптестік байланысын нығайтатынына сенімдімін. Атырауға алғаш рет келуім.  Форумға жасанды интелект бойынша жоба алып келдім.

Форум қорытындысымен  қатысушылар түрлі бағыт бойынша жоба қорғайды.  Үздік танылған 6 жасқа 500 000 теңгеден ақшалай сыйақы табысталады.