Балалар қаладағы "Сарыарқа" үстел теннисі орталығында 1 апта бойы өз өнерлерін көрсетеді. Жарыс форматы командалық, жеке және жұптық разрядтарды қамтиды. Әр команданың құрамында 5 ұл және 5 қыз. Сондай-ақ командалық есептен тыс жеке жарыстарға үш спортшыдан қатысуға рұқсат етіледі.
ЭЛЬМИРА ӘЛИЕВА, ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:
270 қатысушы келіп отыр. Бұл Қазақстанда үстел теннисінің дамып жатқанын көрсетеді. Үлкен теннис орталықтары салынып жатыр. Біздің спортшылар қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мысалы қарағандылық Алан Құрманғалиев әлемдік чемпионатта алтын медаль алды. Кеше ғана жас спортшыларымыз халықаралық турнирден 2 алтын, 3 қола медальмен оралды.