$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде жасанды интеллектпен наноспутник жасайтын оқушылар жарысы басталады

23.09.2025ж. 17:24
Елімізде жасанды интеллектпен наноспутник жасайтын оқушылар жарысы басталады

Мемлекет басшысының 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауын іске асыру аясында жаңа жоба – AEROO Space AI Competition инженерлік жарысы қолға алынған.  Оған қатысушылар заманауи инженерлік әдістерді пайдаланып, өздерінің шағын наноспутниктерін әзірлейді.

 

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, мақсат- оқушыларды инженерия, ғарыштық зерттеулер және IT саласына қызықтыру. Сонымен қатар жасанды интеллектіні ғылыми жобаларға енгізу арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау көзделген. 

«AEROO Space AI Competition – қазақстандық оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жай ғана жарыс емес, алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс істеудің тәжірибесі. Ол ғылым мен техникадағы болашақ жетістіктердің іргетасы болады», – дейді ұйымдастырушылар.