$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бішкекте Орталық Азияның ІІІ Парламентаралық форумы өтті

Бішкекте Орталық Азияның ІІІ Парламентаралық форумы өтті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды.  Сенат Спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі. Ол өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, жасанды интеллект пен цифрландыруды заңнамалық қолдау мәселелеріне баса назар аударды. Сенат Төрағасы Президенттің өңірлік интеграцияны дамыту жөніндегі бастамаларын қолдап, экология және су-энергетика салаларындағы ортақ жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәдени мұралардың, интелектуалды қазыналардың цифрлық кеңістікке толық көлемде өтуіне мән берген жөн. Сол үшін еңбектердің электронды нұсқасын әзірлеу, аудио кітаптарды көбейту, виртуалды музейлер ұйымдастыру басқа бастамаларды істке асыру аса маңызды.