Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ертең Семейдегі барлық мектептің оқушылары қашықтан оқытылады.
«24 қыркүйек күні қалада су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуіне байланысты барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді. Оқу процесі Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №349 бұйрығына сәйкес онлайн платформалар арқылы ұйымдастырылып, екі ауысымда қашықтан оқыту форматына көшіріледі», - делінген хабарламада.