Жыл басынан бері 53 мыңнан астам жүк көлігі CarGoRuqsat онлайн-сервисы арқылы ЕАЭО елдерінің шекарасын кесіп өтті. Бұл туралы ЕАЭО аясындағы ҚҚС әкімшілігі басқармасының басшысы Мирамбек Шманов хабарлады.
Жүйе 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап «Құрманғазы» өткізу бекетінде жұмыс істейді және тасымалдаушыларға мүмкіндік береді:
- кезекті алдын ала брондау,
- құжаттарды онлайн тексеру,
-шекараны тез өтіп, кептелістен аулақ болу.
Электрондық кезекке тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіп, шекараны кесу күнін және уақытын көрсетіп, бекетке дер кезінде келу жеткілікті: https://cgr.qoldau.kz/ru/start
Бұған дейін CarGoRuqsat Қытай, Өзбекстан және Түркменстанмен шекарада сәтті жұмыс істеген. Кезекті брондау құны — көлік түріне байланысты 1-ден 100 МРП-ге дейін.
Сервис қазақстандық мамандардың қатысуымен әзірленген және шекараны тасымалдаушылар үшін айқын әрі ыңғайлы етеді!