Оларды полиция іздеп, талаптарын орындауға шара қолдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналарды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.
– Жыл басынан бері жүргізілген шаралардың нәтижесінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 101 адам анықталды. Мысалы, ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатыспай, 5 миллион теңгеден астам қарызға батқан ер адам табылды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты атқарушылық құжаттың талаптарын мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар қабылдануда, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.