$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті

23.09.2025ж. 22:19
Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті

Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.