Фонограммаға толық тыйым салынды. Мәжіліс аузын жыбырлатып, жұртты алдап жүрген әншілерге қатысты заң жобасын мақұлдады. Енді қандай да бір жиында өтірік ән айтылса, орындаушы емес ұйымдастырушы айыппұл арқалайды. Жаңа нормада білім саласына қатысты да өзгеріс бар. Бұдан былай халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары 6 млн теңгеге дейін сыйақы алады. Оларды дайындаған ұстаздар да құр қол қалмайды. Біржолғы төлем берілмек. Ал Мүгедек баласы бар немесе ауыр науқас туысын бағып отырған түлектер грантты өтеуден басатылуы мүмкін.
РИНАТ ЗАЙЫТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ең бірінші көрерменнің, тұтынушының мүддесі. 25-50 мыңға билет алған көрермен аузын жыбырлатқан әншіні тыңдау керек деген қағида болмау керек. Барғаннан кейін саф өнер, сол әншінің сол жердегі, сол концертке деген дайындығы, сол кездегі деңгейін көруге құқылы деп ойламын.