$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде жас ана үшін қуанышты сәт қасіретке ұласты

AstanaTV
24.09.2025ж. 19:00
Ақтөбеде жас ана үшін қуанышты сәт қасіретке ұласты

Ақтөбеде жас ана үшін қуанышты сәт қасіретке ұласты. Дүниеге егіз сәби әкелген әйел  ауыр дертке душар болып отыр. Оған дәрігердің салғырттығы себеп дейді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Жанар Датқызы анықтады.

37 жастағы Альбинаның көзі жасқа, жүрегі үрейге толы. Кеше ғана босанған ана егіз сәбиін құшағына қыса алмай отыр. Өз сырқатымен әлек. Жүктілік кезінде ешқандай кінәрат болмаған ол енді котеторға тәуелді. Зәрі бірден жатырға кетіп жатыр. Кесар тілігі арқылы ота жасалған сәтте науқастың қуық бөлігі зақымдалған. Артынша жасалған екінші операция да жағдайды түзете алмапты. 

АЛЬБИНА ИТЕҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дұрыс қарамаған ғой.Операция болған жағдайда сол кезде дәрігер операцияны бітіргенше дейін уже до конца қарап шығу керек.Әрбір органды қандай органды тисе, я мочевой пузырьды тигізсе ол өзі айтты: Мочевой пузырьды мен отсекать еттім. Потомучто ол қатты үстіде тұрды, спайки болды.

Көпбалалы ана дәрігерлік қателіктен өмірім күрт өзгерді, деп налиды. Оның болашаққа деген үміті енді әділдік іздеп, денсаулығы үшін күресумен астасып жатыр. Көзіндегі жас пен жүрегіндегі қасірет-медицинадағы бір сәттік қателіктің салдары.Альбинаның төрт перзенті бар. Тұңғышы- 13 жаста, екіншісі 10 жаста. Егізіне небәрі бір ай болған. Қазір жаңа туған нәрестелерге әжесі күтім жасап отыр. Жаңа босанған келіншектің балаларына қарауға жағдайы келмейді.

АЛЬБИНА ИТЕҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзімнің балаларымды дұрыс қарай алмаймын. Я төсектен тұрған бойда оны өзімнің котеторымды алып,қолыма ұстауым керек. Бірінші. Сосын оны тазартуым керек.Тек қана тазартқаннан кейін балдарды жылаған кезде даже өзім сразу балаға бара алмайсың.

Дәрігерлер мұнымен келіспейді. Бұл іс бойынша қазір тексеру жүріп жатыр.  Қажет болса, көмек көрсетуге дейін.

СВЕТЛАНА ЕСЕНАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің қаламызда жасағың келмесе біздерде квотамен институт орталықтары бар. Сол жерде жасайық.Мұндай операция жасауға опытымыз Қазақстанда бар. Қазірде  қарым-қатынасымыз жақсы, сөйлесеміз онымен.

Қазақстандық мамандар «уростома саламыз» деген. Бірақ Альбина одан бас тартты. Шетелдік мамандардың айтуынша, сырқаты одан сайын асқынып кетуі мүмкін. Қазір жалғыз үміт- Оңтүстік Корея дәрігерлерінде. Олар толық жазылып шығуға 100 пайыз кепіл беріп отыр. Бірақ операцияға қажетті  қаражатты қарапайым ана таба алмайды. Көптің көмегіне мұқтаж.