Президент Жолдауында «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек» деді. Үкіметке экономиканың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды. «Жолдаудағы әрбір бастама ел дамуына оң әсер етпек», - дейді тұрғындар.
БЛИЦ:
- Цифрлық технология, жасанды интеллект –бұл қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселе. Бұл тек қана мектеп, жоғарғы оқу орындарын ғана қамтып қояды деп ойламаймын. Ол бүкіл , қай салаға бармайық, экономика саласы болсын, құқық саласы болсын, білім беру бағыты болсын кез келген салада жасанды интеллектті біз қолданып, әлемдік деңгейге сай болуымыз керек деп білемін.
- Экономиканы болсын, ғылымды болсын бәрін жүргізу үшін инвестор керек. Сол инвестор шақыру мәселесіне көңіл бөлді. Өйткені қазір инвесторларға дүние жүзінде талас. Анау-мынау инвесторлар келмейді. Ол үшін мемлекетте жағдай болу керек. Тұрақтылық болу керек, ауызбірлік болу керек. Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы инвесторларды көптеп тарту, соларды пайдалану. Бұл енді Қазақстанның экономикасын, ғылымын көтеруге, әлеуметтік жағдайды көтеруге бірден бір септігін тигізетін мәселе деп бұл мәселеге де көңіл бөлді.