$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жезқазған қаласының тау-кен колледжінде түсті металдар металлургиясының бірегей зертханасы ашылды

24.09.2025ж. 19:00
Жезқазған қаласының тау-кен колледжінде түсті металдар металлургиясының бірегей зертханасы ашылды

Жезқазған қаласының тау-кен колледжінде түсті металдар металлургиясының бірегей зертханасы ашылды. Онда студенттер оқу орнында жүріп- ақ кеннен металды ажыратып, жаңа мамандықтың қыр- сырын біле алады. Толығырақ Айжан Қуаштың репортажында.

Болашақ металлургтердің жұмысы қызып тұр. Студенттер арнайы қондырғыларда пайдалы метал алуды үйреніп жатыр. Оның кәдімгі өндірістен еш айырмашылығы жоқ.

СТАНИСЛАВ БАБАНИН, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ ТАУ- КЕН КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Жердің астынан алынатын кендер бізге концентрат пульпа ретінде келеді. Сол пульпа концентратты біз осы флотационный машина арқылы бөліп аламыз. Арықарай сушильный шкафқа салып кептіріп одан арықарай муфельный пешке салып солай өңдейміз.

Оқу орны авто және электромеханик, кран машинисті, дәнекерлеуші, жонушы секілді сұранысқа ие мамандықтарды оқытады. Балалар биыл аймақтық «World Skills Ulytau-2025» чемпионатында жеңіске жетті.

ЖАНДОС ОРАЗБАЕВ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ ТАУ- КЕН КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Дуалдық оқытуда біздің студенттер производствода практикадан өтеді. Біз студенттерді іріктеп мықты студентерімізді практикада өздерін жақсы көрсетсе оларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

ГҮЛМИРА ЖҰМАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Өңірде қажетті жаңа мамандықтар ашылды. Олар сандық техника, есеп және аудит, түсті металлургия, ветеринария, экология, табиғатты қорға және интерьер дизайны. Жұмысшы мамандығы жылы колледждер үшін тың серпін беріп жаңа идеяларға толы жыл болды.

Ұлытау облысында 6500 дей колледж студенті бар. Олардың көбі мемлекеттік тапсырыспен жұмысшы мамандығына оқып жатыр.