$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті

AstanaTV
24.09.2025ж. 19:00
Жамбыл облысында жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысын өткізді. Атқаратын жұмыстарын айтып, жоспарларымен бөлісті. Басқосуда Мемлекет басшысы жолдауда тапсырған жастар арасындағы наркотизмнің таралуына жол бермеу мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың  8 айында 361 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 дерекке көп. Демек қауіп бар. Көлеңкелі кәсіпті көшеге жазып кететін 225-тен астам граффити-жазулар анықталып, өшірілді.

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тақырыптар аясында көп мәселелерді көтеріп отырмыз. Бірінші мынау Нашақорлыққа есірткіге қарсы зерделеу жұмыстарының күшейту керек екендігін біз бүгін ұсыныс ретінде аттық. Неге себебі біз «Жастыр Рухы», жастар ұйымдары үнемі сол графити жазуларды өшіруге шығамыз бірақ оны жазып жатқан сәтте оның ұсталған туралы ешқандай факта естігін жоқпыз бүінгі күнге дейін.