$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да жастар бағдарламасымен 140 жас отбасы баспана алады

24.09.2025ж. 19:00
БҚО-да жастар бағдарламасымен 140 жас отбасы баспана алады

Биыл Батыс Қазақстан облысында «Жайық жастары» бағдарламасы арқылы 140 жас отбасы пәтерлі болмақ. Баспана зардабын тартқандарды қинаған басты мәселе түбегейлі шешіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы өңірде осылай орындалып жатыр. Кәсіпкерлікке бейімі бар оралдық өрендерге демеу көрсетіліп, білім жолына түскендерге оқу гранты беріледі. Бұған қоса екі қолға бір күрек іздеген 700-дей адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл жұмысшы мамандықтар жылында оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жиі-жиі өткізіліп, көмек сұрағандарға заңгерлік кеңес тегін беріледі.

АҢСАР ИБРАЕВ, БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ:

Жайық жастары атты тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жерде былтыр 41 жас отбасы үйлі болды. Биыл 2,5 млрд ақша бөлінді және қазір тағы да 70 жас бар үй алатын. Барлығы 140 отбасыға ақша бөлінген болатын. Бұл енді жастарға үлкен қолдау деп білеміз. Басты проблеманы біздер шешілді деп айта аламыз.