$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік бағыттарды дамытуға арналған жол картасын қабылдау керек – Тұмашинов

Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік бағыттарды дамытуға арналған жол картасын қабылдау керек – Тұмашинов

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ұлықбек Тұмашинов Премьер-Министр Олжас Бектеновке Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді дамыту мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
 

«Шығыс өңірінің табиғи ерекшеліктеріне негізделген туристік маршруттар қалыптасып келеді. Дегенмен инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, экологиялық тәуекелдер мен ұлттық парктерді сақтау қажеттілігі туризмнің қарқынды дамуына кедергі болып отыр. Жаңа әуе бағыттарын ашу, демалыс орындарын дамыту және тау шаңғысы кластерін құру – өңірдің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді», – деді депутат.



Ұлықбек Тұмашинов Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік бағыттарды дамытуға арналған жол картасын қабылдауды, сондай-ақ 2026-2028 жылдар республикалық бюджетіне әуе бағыттарын субсидиялау мәселесін енгізуді ұсынды.