Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті. Бұл беделді халықаралық додаға Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі де қатысты.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінің қамтамасыз ету ротасының сапері қатардағы Арман Тұрымбетов 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Арман Тұрымбетов бұған дейін де халықаралық аренада үлкен жетістікке жетіп, жауынгерлік самбодан Азия және Мұхит чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Ұландықтың бұл жетістігі құқықтық тәртіп әскерлерінің және жалпы Қазақстанның спорттық беделін нығайтуға елеулі үлес қосып, оның жоғары дайындық деңгейін, рухының мықтылығын және жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетеді.