$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін солтүстікте жаңбыр жауып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады

25.09.2025ж. 10:51
Бүгін солтүстікте жаңбыр жауып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, деп хабарлайды Astana TV.

Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-16 м/с, күндіз 24-29 м/с жылы болады. Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с жел соғады, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12 жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз болады. Қонаев қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°, күндіз 20-22° жылы болады.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында және солтүстігінде кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 , орталық аймақта 2° жылы, таулы аймақтарда 1° суық, күндіз 20-25, таулы аймақтарда 15 градус жылы болады. Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 22-24 жылы болады.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, солтүстік және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с, таулы аймақтарда 23 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10-15°С, таулы аймақтарда 6°С-қа дейін көтеріледі, күндіз 27-32°С, таулы аймақтарда 22°С-қа дейін жетеді. Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 12-14°С, күндіз 28-30°С дейін көтеріледі.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 11-13°С, күндіз 27-29°С дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14°С жел соғады, күндіз облыстың батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 10-15°С, күндіз 15-20°С, облыстың оңтүстігінде 25°С-қа дейін көтеріледі. Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20°C.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 25-30°C. Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29°C.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-батысында 18, күндіз 23-28° жылы. Ақтау қаласында: ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 23-25°С болады.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 10-15°С, облыстың солтүстігінде 7°С, күндіз 24-29°С болады. Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 6-11 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-14°С, күндіз 26-28°С болады.

Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17°С, күндіз 25-30°С болады. Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-15°, күндіз 26-28° жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, екпіні 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде 11-16°, күндіз 22-27° жылы болады. Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15°, күндіз 24-26° жылы болады.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14°С, күндіз 23-28°С болады. Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13°С, күндіз 24-26°С болады.

Қарағанды ​​облысында жауын-шашын болмайжы. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы 5-10 , күндіз ауа температурасы облыстың оңтүстігінде 13, облыстың шығысында 21-26 градус жылы. Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы 8-10 , күндіз 23-25 ​ градус жылы болады.

Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнгі ауа температурасы 7-12 градус жылы болады.