$541.34 €640.73 ₽6.53
×

“Amir Capital” қаржы пирамидасының 10 млн доллардан астам активі тәркіленді

25.09.2025ж. 11:39
“Amir Capital” қаржы пирамидасының 10 млн доллардан астам активі тәркіленді

“Amir Capital” атты қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

Тергеу барысында компанияның 10 миллион доллардан астам криптовалютасы және бір жер телімі мемлекет пайдасына тәркіленген.

“Компания өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде көрсетіп, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Беларусь азаматтарынан ақша жинаған. Үш жыл ішінде адамдарға криптовалюта, майнинг және түрлі инвестиция арқылы ай сайын 5-10% пайда береміз деп уәде етілген”- деп мәлімдеді ҚМА.

Салымшылар арнайы сілтеме арқылы тіркеліп, USDT, Bitcoin және Ethereum секілді криптовалюталармен қаржы құйған. Ақша Amir Wallet атты электронды әмиянға аударылып отырған. Алайда 2021 жылдың соңында салымшылар өз қаражаттарын қайтара алмай қалған. Сотқа жүгінгендердің саны бүгінде 40-тан асты.

Тергеу амалдары жалғасуда.