$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

25.09.2025ж. 12:17
АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Конкурсқа әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады, деп хабарлайды Astana TV.

Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.

Бастаманың мақсаты — болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.

Қатысу үшін:

  • тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
  • өз нұсқасын ұсыну;
  • атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);
  • конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59–ға дейін жалғасады.

— Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады. Ұйымдастырушылар барлық азаматты еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы АЭС-на атау ұсынуға шақырады, — делінген хабарламада.