Халықаралық агенттіктердің мәліметі бойынша әуежай кестесіне бірнеше ұшу аппараты кедергі келтірген, деп хабарлайды Astana TV.
3 жолаушылар рейсі өзге терминалдарға жіберілді. Осыдан бірер күн бұрын осындай жағдай Дания астанасы Копенгаген мен Норвегияның Осло қаласында да болды. Салдарынан 100-ге жуық рейс кешігіп ұшқан.
20 мың жолаушы діттеген жеріне жете алмай әлек болды. Қазір тараптар екі елдегі оқиғалардың арасында байланыс бар-жоғын тексеріп жатыр.