$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Судья болғысы келетін 87 адамның тек бесеуі ғана бірінші сынақтан өткен

25.09.2025ж. 15:36
Судья болғысы келетін 87 адамның тек бесеуі ғана бірінші сынақтан өткен

Жоғарғы сот кеңесінің ақпаратына сүйенсек, 87 үміткердің ішінен бесеуі ғана сынақтан өте алған екен, деп хабарлайды Astana TV.

«Мұндай нәтиже талаптың күшеюімен байланысты. Тестілеуден өткен үміткерлер келесі кезеңде эссе жазып, кейстік тапсырмаларды шешіп, психологиялық тест тапсырады», - деп хабарлаған Жоғарғы сот кеңесі.

2025 жылдың басынан бастап тестің саны артқан. Үміткерлер үшін мүмкіндіктер көбейгенімен, талаптар да күшейтілді.